Көлік вице-министрі Солтүстік Қазақстан облысында тұрғындармен кездесті

83

Өңірде жол және теміржол инфрақұрылымы талқыланды.  

Көлік вице-министрі Солтүстік Қазақстан облысында тұрғындармен кездесті Фото: gov.kz

Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында өңір тұрғындарымен кездесу өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кездесуде жол-көлік инфрақұрылымын дамытуға қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу, көпір құрылыстары, жолаушылар вагондары паркін жаңарту және көлік саласындағы цифрлық жүйелерді жетілдіру мәселелері көтерілді.

Сонымен қатар теміржол инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударылды. Тұрғындар Петропавл – Астана – Алматы бағыты бойынша жоғары жылдамдықты жолаушылар пойыздарын іске қосу мүмкіндігіне, теміржол вокзалдары мен жолаушылар платформаларын жаңғырту мерзімдеріне, сондай-ақ жылжымалы құрамды жаңарту мәселелеріне қызығушылық білдірді.

Вице-министр барлық ұсыныстар мен өтініштер тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп қаралатынын атап өтті.

Сапар барысында Жәнібек Тайжанов "Kazmeal" және "Новоишимский мелькомбинат" кәсіпорындарының жұмысымен танысып, көлік-логистикалық қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу