Көлік жөндету азабы: Елде мотор бөлшектері сұраныстан бес есе аз

836

Қазақстанда көлікке қосалқы бөлшектер жетпейді.

Көлік жөндету азабы: Елде мотор бөлшектері сұраныстан бес есе аз

“2022 жылғы қаңтар-сәуірде автомобиль қосалқы бөлшектеріне сұраныс былтырғы кезеңнен бір жарым есе төмен болса да, нарықтағы ұсыныстан (қолда бар бөлшектерден) 8 есе көп”, – дейді OLX сервисі сарапшылары.

Сараптамаға сүйенсек, ең сұраныс көп бөлшек – аккумулятор. Оның орташа құны 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25%-ға өсті – 17 000 теңге. 

Газбаллонды жабдықтар мен қозғалтқыштар да қазақстандықтар арасында сұранысқа ие ТОП-5 қатарына енді. 

Мотор бөлшектері нарығында да осыған ұқсас жағдай. Мотор бөлшектеріне сұраныс ұсыныстан 5 есе асады.

‘“Елде ұсталған көлік көп болғандықтан қосалқы бөлшектерге сұраныс жоғары деп есептейміз. Жаңа қосалқы бөлшектер бағасының өсті, сондықтан тұтынушы автобөлшектеу нарығына жаппай жүгінуге мәжбүр болады. Автобөлшектеу қызметі автобөлшек санатындағы ең танымал қызметке айналды, ал оның орташа құны 20%-дан астам төмендеді”, – деп жазады аталмыш сервис сарапшылары.

OLX сервисі жүргізген сауалнама деректері бойынша, қазақстандықтардың 53%-ының меншігінде автокөлік жоқ. Ал автокөлік иелерінің 73%-дан астамы 2021 жылы олардың автокөлікті ұстау шығындары едәуір артқанын атап өтті.

Жанармай (отын) қымбатшылығы да автомобильді ұстауға жұмсалатын шығындардың күрт өсуіне ықпал етіп отыр.

Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, 2022 жылғы қаңтардан наурызға дейін елде 204 000 автомобиль тіркелген, бұл 2021 жылғы ұқсас кезеңнен 9%-ға аз. 

2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген жеңіл автомобильдердің жалпы саны 3 833 300 бірлікті құрады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу