Көлікте шылым шегуге тыйым салынады

538

Бірақ тек балалардың көзінше. 

Көлікте шылым шегуге тыйым салынады

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі" туралы жаңа Кодекспен қатар ҚР ӘҚБК-не де өзгерістер енгізу жоспарланып отыр. 

Салонда кәмелетке толмағандар отырған автокөлікте шылым шеккендерге 10-нан 20-ға дейінгі АЕК (27 780-нен 55 560 теңгеге дейін) айыппұл салуды көздейтін норма қосу қарастырылған. 

Мәжіліс шешімінен кейін құжат сенат қарауына жіберілді. Егер жоғарғы палата оны мақұлдаса, президентке жолданады. 

Халық қалаулылары көлікте шылым шегетіндерге алғаш қарсылық танытып отырған жоқ. Бұрын "Жол жүрісі" туралы заңды қарастыру барысында олар темекі жүргізушінің ойын бөледі деген желеумен тыйым салмақ болған. Бірақ ол кезде бұл идея құжат мәтініне енбеді. 

Олжас Оқас

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу