Көліктерді тіркеу 32%-ға төмендеді

830

Алайда электр қуатымен жүретін автоларға сұраныс артқан.  

Көліктерді тіркеу 32%-ға төмендеді

2020 жылдың қаңтар-мамыр айларында әкімшілік полиция органдары 391 801 көлікті тіркеуге қойған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 32,1%-ға төмен. 

"Қазавтоөндіріс" Қазақстанның автомобиль саласындағы кәсіпорындар одағының ұсынған деректеріне сүйенсек, 391 мыңнан аса темір тұрлапрдың 358 146-сы қайталама нарықтағы көліктер. Бұл көрсеткіш өткен жылдың қаңтар-мамыр айларымен салыстырған 33,7%-ға төмен. 

Ал жаңадан сатып алынған көліктердің саны 33 655. 2019 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда биыл статистика 7,9%-ға кеміген. Өткен жылы бұл уақытта 36 524 су жаңа авто тіркелген еді. 
Биылғы жылдың тек мамыр айында 73 363 көлік заңдастырылған. Бұл нәтиже 2019 жылдың мамырындағы көрсеткіштен 40,7%-ға аз. 

Алайда электр қуатымен жүретін автолар бойынша динамика байқалады. Өткен жылы қаңтар-мамыр айларында 13 көлік сатылса, биыл 16 жеңіл темір тұлпар тіркелген. 

Ал ең көп қайта сатылған көліктер 20 жылдан аса уақыт қолданыста болған екен. Бұл жалпы тіркелгендердің 42,3%-ы. Қайталама тіркеулердің көбі Алматы облысында (53 983), Алматы қаласында (42 639). 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу