Көліктерге қосымша жабдықтарды күштеп сату заңсыз – агенттік

607

Жеңілдетілген автокредит бағдарламасы аясында көліктерге қосымша жабдықтарды күштеп сату заңсыз болып саналады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Көліктерге қосымша жабдықтарды күштеп сату заңсыз – агенттік

"Егер аталған әрекеттер осы жабдықты жеткізуші басқа да нарық субъектілеріне залал келтірген немесе залал келтіруі мүмкін болған жағдайда бұл монополияға қарсы заңнаманы бұзу болып саналады және 200-ден 1500 АЕК-ке (612 600 теңгеден 4 млн 594 мың 500 теңге, 1 АЕК – 3063 теңге) дейінгі сомада айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке не субъектіні нарықта үстем жағдайға ие болды деп танып, монополиялық кірісті тәркілей отырып, табыстың (түсімнің) 3-тен 5%-ға дейінгі мөлшерінде айналым айыппұлына әкеп соғады", - деп жазылған Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі таратқан хабарламада.

Сондай-ақ монополияға қарсы орган автодилерлерге тұтынушыларға қосымша жабдықтарды таңу фактілеріне жол берілмейтіні туралы ескертеді.

"Жеңіл автомобильдерді бастапқы бөлшек саудада өткізу нарығын талдау рәсімінің басталғанын хабарлаймыз. Көліктерді сату кезінде қосымша жабдықтарды күштеп таңу фактілері болған жағдайда тұтынушылардың құқықтарын қорғау және монополияға қарсы органдарға жүгінулеріңізді сұраймыз", - деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу