Атырау – Индер тасжолының 178 шақырымы тұсында жөндеу жұмыстарына байланысты, айналма жолда ішінде 33 бала жолаушысы бар автобус балшыққа батып қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Аталған тасжолда қызмет атқарып жүрген Атырау облысы полиция департаменті патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Самат Даукенов пен Дәурен Жалауов бірден көмекке ұмтылады.
Тәртіп сақшылары жағдайды жедел бағалап, жол жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер ұйым қызметкерлерін іздестіріп, қажетті техниканы ұйымдастырды.
Алғашқы сүйреу әрекеті кезінде тростың үзілуіне қарамастан, полицейлер қосымша құрал-жабдықтарды жеткізіп, автобусты жолдың қауіпсіз бөлігіне шығаруға ықпал етті.
Полицейлердің үйлесімді әрі жедел әрекеттерінің нәтижесінде жолаушылардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп, автобус бағытын әрі қарай жалғастырған.