Колледж оқытушыларының айлығы өсуі мүмкін

510

Республикада 763 колледж жұмыс істейді.  

Колледж оқытушыларының айлығы өсуі мүмкін Фото: el.kz

Мәжіліс депутаты Болат Керімбек техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытуға қатысты мәселе көтерді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Мемлекет басшысы жалпы техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың маңызын бірнеше рет атап өтті. Оқу-ағарту министрлігінің 2025 жылға арналған шығыстарында екі бағдарлама аясында 80 млрд теңге қарастырылған. Оның 74 млрд теңгесі шәкіртақыны көтеруге және еңбекақыны төлеуге бағытталған. Ал техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жүйелі түрде дамытуға арналған өзге де шығыстар көзделмей отыр. Бұл салада бірқатар жүйелі проблемалар да бар. Атап айтсақ, колледждерден кәсіби педагог кадрлардың кету үрдісі сақталып отыр, түлектердің алған білімі мен жұмыс берушілердің қажеттілігі арасында үлкен алшақтық та бар, ауылдық колледждер заманауи жабдықтарға зәру. Бүгінгі күні жастардың жұмысшы мамандық алуына қызықпай отырғаны бар", – деді Болат Керімбек Мәжілістің жалпы отырысында. 

Депутат: "Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін одан әрі дамыту үшін қандай жоспар бар?" деп сұрады.

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, елімізде 763 колледж жұмыс істейді. 556 мың студенттің 393 мыңы мемлекеттік грант негізінде оқиды.

"Колледж студенттерінің 61 пайызын 9-сынып түлектері құрайды. Осыған байланысты колледждерде жалпы білім беретін ұстаздарымыздың жалақысын көтеру мәселесі тұр. Мұны Қаржы министрлігі мен жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп шешу жұмыстары жалғасып жатыр. Бүгінде барлық өңірде бейіндік сыныптар ашылып, 31 мың оқушы ерте даярлық жұмыстарын жүргізуде", – деп атап өтті ведомство басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу