Колледж студенті қамауға алынған

981

Оқу орнының алдында болған төбелесте пышақ жарақатын алған студент есін жиды.

Колледж студенті қамауға алынған

Қарағанды қаласындағы колледжің бірінде екі студент арасында тапа-тал түсте жанжал орын алған. Үшінші курс пен екінші курс студенті төбелесіп , бірі екіншісінің өкпе тұсына пышақ сұғып алған. Жарақат алған 19 жастағы студент жан сақтау бөліміне түсті. Жақында есін жинаған студентті дәрігерлер жан сақтау бөлімінен палатаға ауыстырған. Суық қаруды кезенген студент бүгінде қамауда отыр.

“Қарағанды қаласында оқу орындарының бірінің студенттері арасында кикілжің болған. Кенеттен шыққан ұрыс барысында студенттің бірі өзінің 19 жастағы қарсыласына пышақ жарақатын келтірген. Күдікті ретінде 17 жастағы азамат ұсталды. Жәбірленіші ауруханаға жеткізілді. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 106 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде”,- деп мәлімдеді Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу