Колледж студенттері де 30 пайыз пәнді қашықтан оқиды

845

1 курс студенттері штаттық оқыту форматына көшеді.

Колледж студенттері де 30 пайыз пәнді қашықтан оқиды

Елдегі 796 колледждің 112-сі толықтай штаттық оқыту форматына көшеді. Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова айтты.

"Кәсіби-техникалық білім беру мекемелеріне тоқтайтын болсақ, елімізде 796 колледж жұмыс атқарады. Осыған дейін екінші семестрде оқығандай, студенттердің басым көпшілігі қашықтық форматында оқытылатын болады. Жалпы оқу колледждерде келесі аптада, 18 қаңтардан басталады. Бұл жерде бірінші курс студенттеріне штаттық форматта оқытуға рұқсат етілді. Бұл жерде де пәндердің 70 пайызы штаттық форматта және 30 пайызы қашықтан оқыту форматында сақталады. Қай пәндерді қашықтан оқытатынын мекемелер оқу жоспары бойынша өздері қабылдайды. Сонымен қатар, бірінші семестрдегідей шағын және шалғай ауылды мекендерде орналасқан 97 колледжде және жабық түрдегі 15 колледжде оқыту штаттық режимде жалғастырылатын болады. Бүгінгі күні бірінші крус студенттерінің саны 149 мыңнан асады. Бұл – жалпы студенттердің 31 пайызы", - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу