Колледждер кәсіпорындарға ақша төлейтін болады

1512

 Колледждер кәсіпорындарға ақша төлейтін болады

Енді кәсіпорындардың дуальды жүйеге деген қызығушылығын арттыру үшін студенттердің тәлімгерлеріне ақы төленбек. Бұл туралы білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәжілістің жалпы отырысында айтты, деп хабарлайды abctv.kz.
Ол үшін колледждер кәсіпорындарға ақша төлейді екен. Шамамен әр студентке 7 мың теңге бөлінеді. Бұл бағытқа жұмсалатын шығыстардың бәрін жергілікті әкімдіктер көтермек.

Бірақ "тәлімгер" ұғымы мен оған ақы төлеу нормалары еш заңда не құқықтық актілерде бұған дейін қарастырылмапты.

"Бүгінде дуальды оқытудың заңнамалық және институционалдық базасы қалыптастырылған. Алайда әлі де болса "тәлімгер" ұғымы және оған еңбекақы төлеу нормалары ешқандай заңда немесе құқықтық актілерде көрсетілмеген. Осыған байланысты еңбек кодесіне "тәлімгер", "өндірістік оқыту", "кәсіптік практика" ұғымдары енгізілді", – деді мәжілістің жалпы отырысында  "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын таныстырған халық қалаулысы Бақытгүл Хаменова.
Депутаттың айтуынша, заң жобасы кәсіптік және техникалық білім беретін оқу орындары қызметінің басты төрт бағытын реттеуге негізделген. Атап айтқанда модульдік оқу бағдарламаларын әзірлеу, дуальды оқытуды дамыту, біліктілікті сертификаттауды бәсекелестік ортаға беру және оқу орындарының қаржылық жағдайын реттеу. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу