Колледждерге академиялық еркіндік берілді

1065

Онлайн форматта өткен республикалық тамыз конференциясының пленарлық отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов осылай мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Колледждерге академиялық еркіндік берілді

"Еліміздегі колледждерге академиялық дербестік берілді. Енді, олар жұмыс берушілермен бірлесіп, білім беру бағдарламаларының мазмұны мен оқу мерзімін өздері айқындайды. Білім беру бағдарламасы студенттерге қажетті біліктілікті алуға және қысқамерзімде жұмысқа орналасуға, қажет болған жағдайда қосымша білім алуға мүмкіндік береді", – деді Асхат Аймағамбетов.

Министрдің мәлімдеуінше, колледждер жұмыс берушінің талабына сай  маман даярлайтын болады.

"Алдағы уақытта дуалдық форматтағы оқу мерзімі студенттердің еңбек өтілі болып есептеледі. Сонымен қатар колледждер студенттердің жасаған өнімдерін білім беру ұйымдарының шеберханаларында сата алады. Мемлекеттік тапсырыс алу үшін колледждердің аккредиттеуден өтуі бойынша міндетті талап алынып тасталды. Енді, олар мемлекеттік тапсырысты орналастыруға лицензиясы болған және белгіленген талапқа  сәйкес келген жағдайда аккредиттеуден өтпей-ақ қатыса алады", – деді Асхат Аймағамбетов. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу