Коллекторларға 88 млрд теңгенің проблемалық несиесі сатылған

862

Ең көп қарыз Алматы қаласында.  

Коллекторларға 88 млрд теңгенің проблемалық несиесі сатылған

Еліміздегі коллекторлық агенттіктердің қарауында 88 мрд теңгенің проблемалық несиелері бар, деп жазады  inbusiness.kz.

Бірінші кредиттік бюро 2019 жылы аталған ұйымдарға сатылған несиелер бойынша түсім болмады деп атап өтті.

"Алайда 2020 жылы 87,7 млр теңгеден асатын келісімшарттардың белсенді сатылымы болды. Коллекторлық агенттіктердің қарыздарының 29,7% -ы Алматыға, 9,8% -ы - Алматы облысына, 8,8% -ы - Нұр-Сұлтанда. СҚО, Ақмола мен Қостанай аймақтарының үлесі - 1,3%, 2,2% және 2,2%, яғни ең төменгі үлеске ие. Сонымен қатар, 2021 жылдың 1 қаңтарындағы қарыздардың 72%-ы банктік заемдар және 28% -ы -МҚҰ есебінен қалыптасты", – деп түсіндірді БКБ.

Сондай-ақ, бюро коллекторлық агенттіктерге сатылған келісімшарттар туралы ақпарат БКБ-ға жіберілетіндігін баса айтты.  

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу