Коллекторлық агенттіктер табысын жасырған

253

Бұл тәсіл жүйелі сипатқа ие болған. 

Коллекторлық агенттіктер табысын жасырған Фото: inbusiness.kz

Мемлекеттік кірістер комитеті коллекторлық агенттіктерге қатысты тексерулердің қорытындысын шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Комитетпен анықталғандай, 7 агенттікте табыс 11,8 млрд теңгеге артық көрсетілген. Төленбеген қосылған құн салығының мөлшері – 128 млн теңге. Ал ҚҚС бойынша есепке тұрмағаны үшін айыппұл 1,6 млрд теңгеге жеткен.

"Қосымша осындай белгілері бар тағы 15 салық төлеуші анықталды. Ықтимал табыс көлемі – 61,6 млрд теңге, болжамды төленбеген ҚҚС – 7,4 млрд теңге. Тексеру жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада.

МКК хабарлауынша, коллекторлық агенттіктер қарызды номиналдан төмен бағамен сатып алып, кейін оны борышкерлерден өндіріп алған. Кейбір жағдайда түскен қаражат қарызды қайтару ретінде көрсетіліп, ҚҚС-тан босатылған операциялар ретінде есепке алынған. Алайда шын мәнінде сатып алу құны мен өндіріп алынған сома арасындағы айырма бұл ҚҚС салынуға тиіс табыс.

Тексерулер бұл тәсілдің жекелеген емес, жүйелі сипатқа ие екенін көрсетті.

Мемлекеттік кірістер комитеті нарық қатысушылары үшін тең жағдай жасау, салықтан жалтару схемаларын жою, операциялардың экономикалық мәніне сәйкес салық міндеттемелерін дұрыс айқындау бойынша жұмысты жалғастырады.

Құзырлы орган кез келген табыс оның көрсетілу нысанына қарамастан салық салуға жататынын еске салды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу