Қолма-қол ақша "сәннен" шықты – ranking.kz

816

Төлем карталары бойынша қаражаттың жалпы айналымынан қолма-қол ақшаның үлесі алты жыл бұрын 87%-90% шегінде өзгеріп отырды. Бірақ бес жыл бұрын бұл көрсеткіш 82,1%-ға дейін, бір жыл бұрын 23,2%-ға дейін азайған. 2022 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында оның үлесі 18,3% болды. 

Қолма-қол ақша "сәннен" шықты – ranking.kz Фото: Егемен Қазақстан

2022 жылдың алғашқы үш тоқсанында елімізде төлем карталарынан алынған қолма-қол ақша сомасы 16 трлн теңгеге жеткен. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1 трлн теңгеге артық. Жылдық өсім – 6,9%. Отандық және шетелдік эмитенттер шығарған төлем карталарын пайдалана отырып, ел аумағында ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыру көлемі бес жылда 2,1 есеге, ал он жылда 4,7 есеге өскен, деп жазады inbusiness.kz ranking.kz сайтына сілтеме жасап.

Төлем карталарындағы ақшаның қомақты бөлігі банкоматтар арқылы қолма-қол ақшаға айналды. Мысал келтіретін болсақ, осы жылы 9 ай ішінде банкоматтардан 14,3 трлн теңге алынған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,7%-ға артық.

POS-терминалдар арқылы 1,7 трлн теңге қолма-қол ақшаға айналды. Былтырғыға қарағанда бұл 6,4%-ға аз.

Елімізде банкоматтар санының өсуі тоқтады. Соңғы үш жылдағы көрсеткіш бойынша олардың саны 12,5 мың құрылғыны құрайды.

Соңғы жылы елдегі банктер қолма-қол ақша беру функциясы бар банкоматтар санын айтарлықтай қысқартты (2022 жылғы қыркүйек айының аяғында 6,8 мыңнан 5,3 мыңға дейін). Cash-In функциясы бар банкоматтар саны өскен (7,2 мың құрылғы). 

Өңірлік бөліністе төлем карталарынан алынған қолма-қол ақшаның басым бөлігі Алматыда тіркелді (3,8 трлн теңге). Үштіктер қатарында Астана (1,9 трлн теңге), Шымкент қалалары (1 трлн теңге) бар. Одан кейінгі орындарда Қарағанды мен Ұлытау облыстары орналасты (1,2 трлн теңге).

Қолма-қол ақшаны шешіп алу бойынша бір транзакцияның ең үлкен орташа чегі Астана (107,6 мың теңге) мен Алматыда (106,1 мың теңге) байқалды. Ең төмен көрсеткіш Солтүстік Қазақстан облысында тіркеліп отыр (62,5 мың теңге). 

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу