banner

Қолма-қол ақшасыз төлем көлемі 2 есе өсті

745

Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов өткен жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын жариялады.

Қолма-қол ақшасыз төлем көлемі 2 есе өсті

Былтыр өндіруші емес сектордағы инвестициялық белсенділік, нақты сектордың өсуі, сауда балансының оң сальдосы және экономиканы несиелендіру қарқыны ойдағыдай болғанын баяндаған министр: "2020 жылдың қорытындысы биылғы  экономикалық өсімнің негізін қалайды", – деді.

Руслан Дәленовтың айтуынша, 2020 жылы нақты сектор экономикалық драйверге айналып, 2%-ды құрады. Қызмет көрсету саласы үшін жыл минус 5,6%-бен аяқталғанмен, оң нәтиже сақталды.

"Жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны минус 2,6%-ды құрады. Бұл 11 айдағы динамикадан жоғары. Нақты сектордың басым бөлігі және жекелеген қызмет түрлері өсу қарқынын көрсетті. Құрылыс саласының көрсеткіші - 11,2%-ға, ақпарат және байланыс саласының нәтижесі - 8,6%-ға, ауыл шаруашылығының өнімділігі  -5,6%-ға, өңдеу өнеркәсібінің табыстылығы - 3,9%-ға, білім беру саласының нәтижесі -2,3%-ға ұлғайды", – деді министр.

Жария болғандай, экономиканың  құрылымы өзгерді. 2020 жылы өнеркәсіптің жалпы көлеміндегі өңдеудің үлесі 9,4%-дық тармаққа, яғни 2019 жылғы 39,4%-дан 2020 жылғы 48,8%-ға дейін артты. Жеңіл өнеркәсіптің, автомобиль жасаудың және дайын металл бұйымдарының  мәнді өсті. Өңделген, дайын тауарлардың экспорты ұлғайды.

Өндірістің өнімділігі жалпы тұтынудағы қазақстандық тауарлардың үлесін 4,7-дық тармаққа ұлғайтты

Электронды сауда үлесі 6%-ға, қолма-қол ақшасыз төлем көлемі 2 есе, сондай-ақ кен өндіруді есепке алмағанда инвестиция 14,8%-ға өсті. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу