Көлсай көлдеріндегі қауіпті аймақтар анықталды

1116

Бұл шаралар туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қарастырылған.  

Көлсай көлдеріндегі қауіпті аймақтар анықталды

"Көлсай көлдері" мемлекеттік ұлттық табиғи  паркі" республикалық мемлекеттік мекемесінің аумағына келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында туристік соқпақтар мен маршруттардағы қауіпті аймақтар тексерілді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Тексеріс барысында Төменгі Көлсай көлінің сол жақ және оң жақ жағалауында 2 сырғыма қауіпі бар аймақ анықталды. Олар Көлсай орманшылығының 9-орам 24-телімінде және "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің  2,12 гектар аумағында орналасқан. Осыған байланысты тиісті Акт жасалды. Келушілердің қауіпсіздігі үшін арнайы аймақтар белгіленді, ескерту тақтайшаларын жасатуға тапсырыс берілді. Қауіпті аймақтар бойынша алдағы уақытта шаралар қабылданады", – деп жазылған Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі таратқан хабарламада.

Құралай Құдайберген 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу