Көлсайда автокөлік таудан құлап кетті

93

Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде жарияланды.

Көлсайда автокөлік таудан құлап кетті Фото: Бейнежазбадан

Көлсай көлінде автотұрақта тұрған автокөлік таудан төмен қарай құлап кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 25 сәуірінде Көлсайдың таулы аймағында болған.

– Алдын ала мәліметтер бойынша, көлік құралы тұрақ аймағынан төменге қарай өздігінен домалап кеткен. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Көлік иесі полицияға арызданудан бас тартты, ешкімге ешқандай талап-арызы жоқ, – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу