Қолтырауындар мекендейтін өзенде Олимпиада ойындарының жарыстары өткізіледі

172

Мұнда байдарка және каноэда ескек есу жарыстары өткізілмек.  

Қолтырауындар мекендейтін өзенде Олимпиада ойындарының жарыстары өткізіледі Фото: Getty Images

Аустралияда қолтырауындар мекендейтін Фицрой өзені 2032 жылғы Олимпиада ойындарындағы су спорты бойынша жарыстарды өткізуге арналған орын болып ресми түрде бекітілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Квинсленд штатының үкіметі бұған дейін Брисбендегі су айдынын Олимпиада ойындары аясында жарыстар өткізу орны ретінде ұсынған болатын.

GIICA ұйымы Фицрой өзенін турнир өткізуге жарамды деп тапты. Мұнда байдарка және каноэда ескек есу жарыстары өткізілмек.

"Іс жүзінде 2032 жылғы ескек есу спорты жарыстарына жол ашылды. Барлық деректер жиналды, енді жарыстарды өткізуге ешқандай кедергі жоқ", – деді Квинсленд штатының депутаты Мэтт Канаван.

Мамандар өзеннің барлық көрсеткіштерін тексергені белгілі болды. Олар су айдыны Халықаралық ескек есу федерациясының талаптарына сай деп белгілеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу