Колумбия АҚШ-қа қарсы ешкім күтпеген шешімге келді

NBC News басылымының жазуынша, ел президенті Густаво Петро АҚШ-пен барлау деректерін алмасуды тоқтатуға бұйрық берген.   

Колумбия АҚШ-қа қарсы ешкім күтпеген шешімге келді Фото: Ivan Valencia / AP

Ол мұндай қадамға Колумбияның қауіпсіздігі және Трамп әкімшілігінің Кариб теңізіндегі есірткі саудасына күдіктілерге қарсы шабуылдарды тоқтатпағаны үшін барған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шынын айтқанда, есірткі саудасына қарсы күресте тығыз серіктес болған елдер арасындағы қарым-қатынас қазір күрт нашарлады.

Петро X әлеуметтік желісінде "Колумбия қарулы күштері АҚШ тарапынан есірткі тасымалдады" деген күдікке іліккен қайықтарға шабуылдар тоқтатылмайынша, "америкалық қауіпсіздік қызметтерімен барлық байланыс пен ынтымақтастықты тез арада тоқтату керек" деп жазған. 

Трамп әкімшілігі АҚШ әскери күштерінің халықаралық сулардағы шабуылдарынан кем дегенде 75 адам қаза тапқанын мәлімдейді. Шабуылдар Кариб теңізінің оңтүстігінде, Венесуэла жағалауына жақын жерде басталғанымен, артынша АҚШ соққыларды Мексика жағалауындағы кемелерге бағыттап, Тынық мұхитының шығыс бөлігіне тап берген. 

Петро болса, АҚШ президенті Дональд Трампты Венесуэла, Эквадор, Колумбия және Тринидад пен Тобаго азаматтары зардап шеккен қылмыс үшін жауапкершілікке тартуға шақырып отыр. 

Айта кетейік, Колумбия президенті Американың есірткіге қарсы саясатын көп жылдан бері сынайды. Есесіне Трамп әкімшілігі оны "есірткі саудагерлеріне жұмсақтық танытты" деп айыптап келеді.

Қос ел арасындағы шиеленіс АҚШ-тың Кариб бассейнінің оңтүстігіндегі әскери-теңіз күштерінің қатысуын арттырған кезде күшейгені де рас. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу