Колумбияда әскери ұшақ апатынан 66 адам қаза тапты

213

Ұшақ ішінде сарбаздар болған. 

Колумбияда әскери ұшақ апатынан 66 адам қаза тапты Фото: 1tv.ru

Колумбияда әскери көлік ұшағы құлады. Соңғы ресми мәліметке сәйкес, кемінде 66 адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты

Hercules C-130 ұшағы Перумен шекарадағы Пуэрто-Легисамо қалашығында әуе базасынан ұшып шыққаннан кейін көп ұзамай құлаған. Колумбия Әскери әуе күштерінің қолбасшысы Карлос Фернандо Сильва Руэда ұшақ бортында 114 жолаушы және 11 экипаж мүшесі болғанын айтты.

Ел президенті Густаво Петро X желісінде 77 адамның ауруханаға жеткізілгенін, ал 43 адамның әлі табылмағанын жазды.

Құтқарушылар ұшақтың қалдықтарын тазалап, құлаған аймақты толық қарап жатыр.

Қорғаныс министрі Педро Санчес ұшақ бортында әскери қызметкерлер болғанын растады. Министрдің айтуынша, ұшақ аэродромнан шамамен 1,5 шақырым жерде жерге құлаған. Салонда басталған өрт салдарынан оқ-дәрілер жарылып кеткен.

Жергілікті баспасөзде оқиға орнынан түсірілген суреттер мен видеолар тарады.

Президент Густаво Петро X желісіндегі мәлімдемесінде бұл апатқа бюрократиялық мәселелер себеп болғанын, салдарынан оның әскери техниканы, соның ішінде ұшақтарды жаңғырту бағдарламасы тежеліп жатқанын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу