Колумбияда Satena Airlines ұшағы апатқа ұшырады

141

Радардан жоғалған ұшақ елдімекен маңында апатқа ұшыраған болып шықты.  

Колумбияда Satena Airlines ұшағы апатқа ұшырады Фото: adaderana.lk

Борттағы 15 адамның барлығы көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты adaderana.lk порталына сілтеме жасап.

Колумбияда жоғалып кеткен 13 жолаушы мен екі экипаж мүшесі бар "Кукута-Оканья" рейсін орындаған Satena ұшағы апатқа ұшырап, борттағылардың барлығы қаза тапқан.

– Бірлескен үйлестіру штабы бүгінде байланыс үзілген Satena ұшағының табылғанын растады. Ұшақ Курасика аймағында, Ла-Плайя-де-Белен муниципалитетінің ауылдық жеріне құлады, – делінген портал таратқан ақпаратта.

Hk4709 борттық нөмірі бар Beechcraft 1900 ұшағы коммерциялық мақсатта ұшқан. Әуе кемесі Кукута-Оканья бағытымен ұшып, түстен кейін радардан жоғалып кетті. 

Жергілікті БАҚ-та жарияланған тізімге сәйкес, жолаушылар арасында Колумбия депутаты Диогенес Кинтеро және депутаттыққа үміткер Карлос Сальседо болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу