Қолжетімді кредиттік тұрғын үй салынып жатыр

802

Мұнда 1900-ге жуық пәтер болады.

Қолжетімді кредиттік тұрғын үй салынып жатыр Фото: astana.gov.kz

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл қолжетімді тұрғын үй құрылыс көлемі едәуір артады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

"Алматы ауданында (А102, А105, А108, А129, А130 көшелерінің қиылысы) қолжетімді кредиттік тұрғын үй құрылысы жүргізіліп жатыр. Мұнда 1900-ге жуық пәтер салынады", – деп хабарлады Нұр-Сұлтан әкімі өзінің "Инстаграм" парақшасында.

Ауданда жаңа мектеп пен балабақша болады.

"Кезекте тұрған қала тұрғындары мен тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары үшін әлеуметтік тұрғын үй салып жатырмыз. Келесі жылдарға дайындық жұмысы басталды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл қолжетімді тұрғын үй құрылыс көлемін едәуір арттырамыз", – деді Алтай Көлгінов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу