Қомақты бюджет қаражатын жымқырған майорға қатысты сот үкімі шықты

964

Күдіктілер 3 жыл бойы жалған құжат жасау арқылы бюджеттен ақша ұрлаған.

Қомақты бюджет қаражатын жымқырған майорға қатысты сот үкімі шықты

126,5 млн теңге бюджет қаражатын жымқырды деп күдікке ілінген әскери қызметкерлер сотталды, деп хабарлайды inbusiness.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Биыл 27 қыркүйекте Семей гарнизоны Әскери сотының үкімімен бюджет қаражатын жымқырғаны үшін Павлодардағы Шекара қызметінің №2033 әскери бөліміне қарасты қаржы бөлімінің басшысы, майор Жуанышбаев 10 жылға, қаржы бөлімі басшысының аға көмекшісі, аға лейтенант Бигелдинов 8 жылға, қаржы бөлімінің бухгалтері Есентаева 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

"Олар 2015 жылдан бастап 2018 жылға дейінгі кезеңде әскери қызметшілерге тұру үшін жалған іссапар шығыстарын есептеу және оларды кейін беру арқылы жалпы сомасы 126,5 млн теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.
Сот үкімімен Жуанышбаев пен Бигелдинов өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан, әрі әскери атақтарынан, ал Есентаева 8 жыл мерзімге қызметпен айналысу құқығынан айырылды", – деп жазылған хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу