"Көмген жерін көрсеткен": Жоғалған қыздың туған анасы мен өгей әкесі қылмыстарын мойындады

2028

Жансыз денені автокөлікке салып әкеткен.

"Көмген жерін көрсеткен": Жоғалған қыздың туған анасы мен өгей әкесі қылмыстарын мойындады Фото: pexels.com

Талдықорғанда жоғалды деген оқушы қыздың денесі Текелі тауынан табылды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Осыдан екі ай бұрын із-түзсіз кеткен Карина Дарохинаны іздеуге еріктілер мен полиция жұмылдырылған болатын.

Бұған дейін жоғалған қыздың анасы мен өгей әкесінің күдікке ілінгені туралы жазылды.

Облыс полицейлері бүгін жасөспірімнің мүрдесін тапқанын мәлімдеді. Каринаның анасы мен өгей әкесі қылмыс жасағандарын мойындап, қыздың денесін көмген орынды да көрсеткен.

"Екі ай бұрын жоғалған оқушы қыздың мүрдесі Талдықорған қаласынан 40 шақырым қашықтықтағы Текелі тауынан табылды. Оны отбасылық жанжалдан кейін анасы мен өгей әкесі өлтіріп, жансыз денені автокөлікке салып әкеткен. Осы уақыт аралығында Айсабакиевтер өтірік мәлімет беріп, іздеу жұмысына және тергеу барысына да кедергі келтірді. Қазір олар уақытша ұстау орнына қамалды", - деп хабарлады облыстық полициядан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу