Көмір бағасының ең жоғарғы жылдық өсімі қай өңірде тіркелді?

516

Көмір бағасы бір жылда 11%-ға қымбаттады. 

Көмір бағасының ең жоғарғы жылдық өсімі қай өңірде тіркелді? Фото: otyrar.kz

Көмір экспорты заттай көріністе 19%-ға, ал ақшалай мәнде 2 есеге артты, деп жазады inbusiness.kz  energyprom.kz сайтына сілтеме жасап. 

2022 жылдың қазан айында елдің ішкі нарығында көмір бағасы өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 10,9%-ға қымбаттады.

Республика бойынша көмір бағасының ең жоғарғы жылдық өсімі Ұлытау облысында (+57,4%) байқалып отыр. Антилидерлер үштігінде Абай (+18,6%) және Солтүстік Қазақстан (+18,5%) облыстары бар.

Қызылорда облысында бағаның ең төмен жылдық өсуі тіркелді (+0,3%). Ал, Батыс Қазақстан облысында көмір бағасы өзгеріссіз қалды.

2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында елімізде қоңыр көмір мен көмір концентратын қосқанда 86,7 млн тонна тас көмір өндірілді. Бұл былтырғыға қарағанда 5,6%-ға артық.

Елдегі көмір өндірудің барлық көлемінің 90,6%-ы Павлодар (50,3 млн тонна) және Қарағанды (28,2 млн тонна) облыстарына тиесілі.  

79,9 млн тонна тас көмір өндірілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,9%-ға көп. Оның ішінде 5,8 млн тонна кокстелетін көмір өндіріліп, бір жылда 14,3%-ға азайған. Ал, энергетикалық көмір өндіру 12,8 млн тоннаға жетіп, жылдық өсім 20,9%-ды құраған.

Қоңыр көмір (лигнит) өндірісі бірден 23,9%-ға (3,7 млн тонна), көмір концентраты 4,4%-ға (3,1 млн тонна) артты.

2022 жылғы 8 айдың қорытындысы бойынша Қазақстан 653,2 млн АҚШ долларға 22 млн тонна тас көмір экспорттады. Өсім заттай көріністе – 18,5%, ақшалай көріністе 2,2 есе болды.

ТМД елдеріне 14,3 млн тонна көмір жөнелтілді. Бұл былтырғыға қарағанда  4,1%-ға аз. Қазақстан өнімінің негізгі импорттаушысы – Ресей (13,4 млн тонна көмір). Үштіктер қатарында Қырғызстан мен Өзбекстан да бар.

Басқа елдерге 7,7 миллион тонна көмір экспортталды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,1 есеге көп. Экспорт көлемі ақшалай мәнде 8,6 есеге (451,6 млн долларға дейін) өскен. Бұл ретте жеткізілімдердің негізгі көлемі Швейцарияға тиесілі, одан кейінгі орындарда Польша мен Кипр тұр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу