Көмір экспорты заттай мәнде 20%-ға қысқарды

364

Ал ақшалай мәнде 19 пайызға төмендеген.

Көмір экспорты заттай мәнде 20%-ға қысқарды Фото: DW

Елімізде көмір өндірісі бір жылда 2%-ға азайды, деп жазады inbusiness.kz energyprom.kz порталына сілтеме жасап.

Осы жылдың қаңтар-шілде айларында Қазақстанда 65 млн тонна тас көмір, оның ішінде қоңыр көмір және көмір концентраты өндірілген. Ресурстың жазуынша, бұл былтырғыға қарағанда 2,1%-ға аз.

Өңірлік бөліністе Павлодар және Қарағанды облыстарына елдегі көмір, лигнит және көмір концентратын өндірудің барлық көлемінің 92%-ы тиесілі. Атап айтқанда, Павлодар облысында 39,2 млн тонна көмір, Қарағанды облысында 20,6 млн тонна көмір өндірілген. Үздік үштік қатарында Абай облысы да бар: 4,2 млн тонна.

2022 жылы республикада барлығы 117,8 млн тонна көмір өндірілді.

2023 жылдың қаңтар-маусым айларының қорытындысына сәйкес, Қазақстан 370,8 млн долларға 13 млн тонна тас көмірді экспорттады. Заттай мәнде экспорт көлемінің қысқаруы 20,4%, ақшалай мәнде 18,9%-ды құраған.

ТМД елдеріне 8,3 млн тонна көмір жөнелтілген. Бұл былтырғыға қарағанда 24,2%-ға аз. Қазақстаннан көмірді негізгі импорттаушы ел Ресей болды: 7,4 млн тонна. Негізгі үш елдің қатарында Қырғызстан мен Өзбекстан бар.

Әлемнің басқа елдеріне 4,7 млн тонна көмір экспортталды: -12,7%. Ақшалай мәнде экспорт көлемі 12,3%-ға қысқарған. Мұнда отандық көмірдің негізгі импорттаушылары Польша, Латвия және Түркия елдері болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу