Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты
Вице-министр Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында таза көмір генерациясын дамытуды тапсырғанын еске салды.
"Бұл салада Қытай Халық Республикасы ең үлкен тәжірибеге ие екені сөзсіз. Бұл елде экспорттық қаржыландыру бойынша белгілі бір шектеулер бар, бірақ негізінен бұл мемлекеттік компанияларға қатысты. Ал осы елдің жеке компанияларында, әсіресе EPC-мердігері ретінде де, жабдық жеткізу бойынша да мол тәжірибесі бар. Себебі олар түрлі елдерде жұмыс істейді, қаржыландыру көздері де бар", – деді Қанат Бозымбаев.
Оның айтуынша, Қазақстанда көмір энергетикасы қарқын алып дамуы керек. Вице-премьер бұл мәселеде Қытайдың да, өзіміздің де қаржыландыруды қарастыруға болатынын баса айтты.