Көмірге сыртқы сұраныс төмендеп кетті

643

Мұнай өндіру Қашаған жобасындағы жөндеу жұмыстарына байланысты 2 пайызға азайды.

Көмірге сыртқы сұраныс төмендеп кетті

Жыл басынан бері ел экономикасының өсу қарқыны алты айдың көрсеткіштері бойынша  2,9 % - дан  4,1 % - ға  артты, деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметі.

Өсудің қозғаушы күштері негізінен өнеркәсіп, құрылыс, көлік, сауда және ауыл шаруашылығы салалары болды. Өңдеуші өнеркәсіптегі 3,4% деңгейіндегі өсім негізінен машина жасау, мұнай өңдеу, түсті металлургия, фармацевтика және тағы да басқа салалардың есебінен қамтамасыз етілді. Тау-кен өнеркәсібі 2,1% өсті, алайда көмір өндіру, сыртқы сұраныстың азаюына байланысты 5,1% төмендеді. Мұнай өндіру Қашаған жобасындағы жөндеу жұмыстарна байланысты 2% азайды.

14 өңірде өнеркәсіптің өсуі қамтамасыз етілген. Негізгі капиталға инвестициялар 11,7% ұлғайды, оның ішінде жеке инвестициялар –  13% өсті. Бұл көрсеткіштер Қызылорда, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында жоғары. Ал  Шымкент, Нұр-Сұлтан қалаларында және Маңғыстау облысында бұл көрсеткіштер төмендеп отыр.

Құрылыс қарқыны Қызылорда, Қарағанды және Атырау облыстарында жоғары. Бірақ, 4 өңірде өсім қамтамасыз етілмеген. Бұл - Шымкент, Нұр-Сұлтан қалалары, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Сыртқы сауда айналымы 5 айдың ішінде 3,3 % артып, 37,2 млрд долларға дейін өсті.

Мемлекеттік бюджет кірісі осы жылдың  6 айында 4 трлн 379 млрд теңгеге атқарылды, бұл жоспардан 148 млрд теңгеге артық. Бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 730 млрд теңгеге немесе 20% артып отыр. 

Мемлекеттік бюджет шығыстары осы жылғы 1 шілдеге дейін 6 трлн 342 млрд теңге немесе жоспардың 99,6% құрады.

Инфляция деңгейі жыл басынан бері 2,6%, ал жылдық мәнде – 5,4 % құрады.

Еңбек нарығы тұрақты. Биылғы жылғы І жартыжылда жұмыссыздық деңгейі 4,8 % құрады.

186 мың жаңа жұмыс орны құрылды, оның 126 мыңы – тұрақты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу