Коммерциялық емес ұйымдардан 360-тан астам өтінім түсті

773

Бұл туралы Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қорының ресми өкілі Мирас Іргебаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz

Коммерциялық емес ұйымдардан 360-тан астам өтінім түсті

"Әрекет" жобасы іске қосылғаннан бері еліміздің 120-дан астам коммерциялық емес ұйымына 500 мыңнан 3 млн теңгеге дейін грант тағайындалды. Осыған дейінгі жылдарда "Әрекет" жобасына қатысуға коммерциялық емес ұйымдардан 360-тан астам өтінім түсті", – деді ресми өкіл. 

Оның сөзінше, "Әрекет" жобасы коммерциялық емес ұйымдар арасында әлеуметтік кәсіпкерлік мәдениетін дамытуды, коммерциялық емес ұйым өкілдеріне бизнес жүргізу дағдысын үйретуді және кәсіп арлықы әлеуметтік мәселелерді шешуді көздейді. 

"Осыған дейінгі гранттар халықтың әлеуметтік осал тобын жұмысқа орналастыруға, ерекше қажеттілігі бар балаларды оңалтуға, инклюзивті білім беруге бағытталған жобаларға тағайындалды. Алдағы уақытта да осы бағытты ұстанамыз", – деді Мирас Іргебаев. 

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу