Коммуналдық қалдықтың 25% ғана қайта өңделеді – вице-министр

293

Жылына шамамен 4,5 млн тонна коммуналдық қалдық түзіледі.

Коммуналдық қалдықтың 25% ғана қайта өңделеді – вице-министр Фото: Астана қаласының әкімдігі

Қалдықтың басым бөлігі экологиялық және санитарлық талаптарға сай келмейтін полигондарға жіберіледі. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Коммуналдық секторда жыл сайын шамамен 4,5 млн тонна қалдық түзіледі, алайда оның тек 25-26 проценті ғана қайта өңделеді. Қалдықтың басым бөлігі экологиялық және санитарлық талаптарға сай келмейтін полигондарға жіберіледі. Тағам қалдықтары әр аймаққа байланысты тұрмыстық қалдық массасының 30-40 процентін құрайды, бірақ оларды өңдеуге арналған инфрақұрылым іс жүзінде жоқ", – деді вице-министр.

Жомарт Әлиевтің сөзінше, құрылыс қалдықтары заң бойынша көмуге болмайтынына қарамастан, әлі де полигондарға түсіп, немесе стихиялық қоқыс санын көбейтіп жатыр.

"Осылайша, қалдықтарды басқару саласы өзара байланысты экологиялық, экономикалық және институционалдық сын-қатерлермен бетпе-бет келіп отыр", – деді Экология және табиғи ресурстар вице-министрі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу