Компаниялардың зейнетақы қорынан алған қарызы 41 миллиард теңгеден асты

637

Зейнетақы қоры эмитенттерден ақшаны қайтару үшін істі үш топқа бөліп қарастыруда. 

 Компаниялардың зейнетақы қорынан алған қарызы 41 миллиард теңгеден асты

Компаниялардың зейнетақы қорынан алған қарызы артты. Осы жылдың 1 шілдесіндегі есепке сәйкес берешек мөлшері 41 млрд 150 млн теңгені құраған, деп хабарлайды Atameken TV.

Қор проблемалы эмитенттерден ақшаны  қайтару үшін істі үш топқа бөліп қарастыруда. Оның алғашқысына оңалту шарасы қолданылуда. Мұндағы компаниялардың қарызы 16 млрд 200 млн теңге болған.

Екінші санатқа қатысты қор талап-арыздар мен сот ісін жүргізуде. Борышкерлер 17 млрд 400 млн теңге қайтаруға тиіс.

Айта кетейік, бұл топта 14 компания тіркелген. Үшінші кезекте тұрғандарға банкроттық рәсім жүзеге асырылуда. Қарыз мөлшері 7 млрд 500 млн теңге болған. Бұдан бөлек, өткен жылы зейнетақы қорына 1 млрд 250 млн теңге қаржы қайтарылған. Ал биыл бірінші жартыжылдықта 11 млрд 280 млн теңгесі берілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу