"Шошқалы" полигонында 32363 әскери бөлімінің жеке құрамы оқу-жауынгерлік тапсырмалар кешенін орындады.
– Роталық тактикалық оқу-жаттығу – жауынгерлік даярлықтың маңызды кезеңі. Жеке құрам тапсырмаларды ұрыс қимылына барынша жақын жағдайда орындады. Бізге бөлімшенің үйлесімді іс-әрекеті және бұйрықтардың нақты орындалуы маңызды болды, – деді 32363 әскери бөлімінің рота командирі гвардия капитаны Ақниет Шышнаби.
Жалпы оқу-жаттығу бөлімшелердің жауынгерлік әзірлігін арттыруға, командирлердің бөлімшелерді басқару дағдыларын жетілдіруге, жеке құрамның кәсіби шеберлігі мен далалық машығын дамытуға бағытталды.
Оқу-жаттығу қорытындысына келсек, бөлімшелердің оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезіндегі әрекетіне, олардың үйлесімді іс-қимыл деңгейі мен міндеттерді мақсатқа сай орындауға дайындығына нақты баға берілді.