Қонаев қаласында жолақы қымбаттайды

90

20 тамыздан бастап Қонаев қаласында қоғамдық көлік жолақысы өзгереді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қонаев қаласында жолақы қымбаттайды Фото: inbusiness.kz

Қонаев әкімдігінің мәліметінше, қала ішінде бір рет жол жүру құны электронды билет жүйесі немесе мобильді қосымша арқылы төлеу кезінде – 120 теңге, ал қолма-қол төлегенде 200 теңге болады.

"Тарифтің өсуі тасымалдаушылар шығындарының артуына, автобус паркін жаңартудың қажеттілігіне және қоғамдық көлік қызметінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге байланысты. Сонымен қатар Қазіргі таңда әлеуметтік маңызы бар бағыттар республикалық бюджеттен субсидияланады. Жолақының өсуі бюджетке түсетін салмақты азайтып, қоғамдық көліктің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", – деп түсіндірді әкімдіктен.

Қала маңына қатынайтын бағыттардағы жаңа тарифтер:

• Қонаев – Заречный, Қонаев – Арна: электронды жүйе арқылы – 150 теңге, қолма-қол – 300 теңге.
• Қонаев – Шеңгелді, Қонаев – Қосқұдық: электронды жүйе арқылы – 200 теңге, қолма-қол – 400 теңге.
• Қонаев – Сарыбұлақ, Қонаев – Кербұлақ: электронды жүйе арқылы – 200 теңге, қолма-қол – 500 теңге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу