Қонаевта әйел сот ғимаратының шыны есігін сындырып, айыппұл арқалады

338

Әйелдің балалары бары ескеріліп, оған айыппұл салынды.

Қонаевта әйел сот ғимаратының шыны есігін сындырып, айыппұл арқалады Фото: kaz.inform.kz

Қонаев қаласында Алматы облыстық сотының ғимаратындағы шыны есікті қасақана сындырған әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ол мекеме ішінде балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті де бұзған.

Оқиға 2 қарашада сағат 16:30 шамасында болған. Сот материалдарына сәйкес, Х. есімді әйел сот ғимаратының кіреберісіндегі шыны есікті әдейі сындырып, мемлекеттік мекемеге материалдық залал келтірген. Сонымен қатар ол балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған.

Қонаев қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі сотында әйелге қатысты "Бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіру" және "Ұсақ бұзақылық" баптары бойынша іс қаралды.

Сот отырысында әйел кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін жеткізді.

Аталған құқықбұзушылықтар үшін 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу жазасы көзделген. Алайда әйелдің балалары бар екенін ескерген сот оған айыппұл салу туралы шешім қабылдады.

–  Сот қаулысымен азаматша Х. "Бөтеннің мүлкін бүлдіргені" үшін 216 250 теңге айыппұл, "Ұсақ бұзақылық" бойынша 86 500 теңге айыппұл салынды. Түпкілікті әкімшілік жаза 70 АЕК, яғни 302 750 теңге айыппұл болып белгіленді, – делінген хабарламада.

Ведомство азаматтарды сот ғимараттарында қоғамдық тәртіпті сақтап, сот қызметкерлері мен айналасындағыларға құрметпен қарауға шақырды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу