Қонаевта лайға батқан автобустан 27 жолаушы құтқарылды

177

Автобуста 18 бала болған.  

Қонаевта лайға батқан автобустан 27 жолаушы құтқарылды Фото: Бейнежазбадан

Қонаев қаласының солтүстік жағалауында "Лазурный берег" демалыс орнына жақын жерде жолаушылар автобусы лайға батып, өздігінен қозғала алмай қалған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Автобуста 27 жолаушы, оның ішінде 18 бала болған. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері мен құралдары жіберілді.

Құтқарушылар автобусты батпақтан шығарып, жолаушылардың қауіпсіз түрде жолын жалғастыруына мүмкіндік жасады.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласу қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу