"Қонақ шақыруды қысқарту керек!"

2074

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елде "омикрон" штамының тарауына байланысты қазақстандықтарды карантин талаптарын қатаң сақтап, сақ болуға шақырды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Қонақ шақыруды қысқарту керек!"

"Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға жұрт жиылған жерлерге бармауға, ұжымдық іс-шараларды өткізбеуге, оларға қатыспауға кеңес береді. Туыстарға бару, қонақ шақыртуды қысқарту керек. Қоғамдық орындарда, көшеде маска тағып жүру шарт", – деді Ажар Ғиният Үкімет отырысында.

Ол вакцина алмаған тұрғындарды екпені алу курсына шақырды.

"Сондай-ақ коронавирусқа қарсы екпені 6 ай бұрын алғандар ревакцинация алуы қажет. Жақындарымыз, әріптестеріміз бен таныстарымыздың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін негізгі профилактикалық шараларды сақтауларыңызды сұраймыз", – деді министр.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу