Концерт ұйымдастыру рұқсатын тек лицензиясы бар ұйымдарға беру ұсынылды

884

Қазір заңды және заңсыз 1500 эвент-агенттік жұмыс істеп тұр. 

Концерт ұйымдастыру рұқсатын тек лицензиясы бар ұйымдарға беру ұсынылды

Елімізде концерт ұйымдастыру рұқсатын тек лицензиясы бар ұйымдарға беру ұсынылды. Мұндай бастаманы сенаторлар "Мәдениетке" қатысты заң жобасын талқылау кезінде көтерді, деп хабарлайды Atameken Business.

Айтуларынша АҚШ, Ұлыбритания және бірқатар көрші мемлекетте бұл сала жүйеленген. Сондықтан концерт ұйымдастырушылардың кәсіби деңгейі мен жауапкершілігі жоғары. Ал елімізде кез келген азаматқа мәдени іс-шара өткізуге рұқсат. Мәселен, қазір заңды және заңсыз 1500 эвент-агенттік жұмыс істеп тұр. Осы саланы реттеу үшін Мәдениет министрі заң жобасына арнайы норма енгізілгенін айтты. Алайда бұл бастама қолдау таппаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу