Конго тұрғындары аштықтан ұлу теріп жеуге мәжбүр

927

Конго тұрғындары аштықтан ұлу теріп жеуге мәжбүр

Конго Демократиялық Республикасында 13 миллион адам гуманитарлық көмекке мұқтаж. Аш құрсақ жүргендердің 5 миллиондайы бала. Мұндай мәліметті Біріккен Ұлттар Ұйымы жариялады, деп хабарлайды 24.kz.

Деректерге қарағанда, елдегі ахуал күннен-күнге ушығып барады. Үкімет аумақты толық бақылауында ұстай алмай отыр. Кей өңірлерде қарулы топтар билік құра бастады.

Өткен бір жылдың өзінде тұрмыстық тапшылықтан тарыққан 2 миллиондай адам баспанасын тастап босып кетті.

Қызыл Крест халықаралық ұйымы өкілдерінің айтуынша, Танганьика провинциясында ашықққан жұрт терімшілікпен күн көріп жүр. Олар орман аралап, ұлу теріп соны азық етеді. Өйткені талғажау ететін тағам тапшы.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу