Конгода шахта опырылып, 200-ден астам адам көз жұмды

90

Көз жұмғандардың 70-ке жуығы кәмелетке толмағандар.

Конгода шахта опырылып, 200-ден астам адам көз жұмды Фото: Kenny Katombe / Reuters

Конго тау-кен министрлігі жариялаған мәлімдемеде айтылғандай, оқиға "ерекше қатты нөсерден" кейін колтанмен қамтамасыз етілуімен танымал Солтүстік Киву провинциясындағы Рубая ауданындағы шахтада болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 200-ден астам адам қайтыс болды, оның 70-ке жуығы кәмелетке толмағандар.

Сонымен қатар мәлімдемеде Рубая шахталары қазіргі уақытта "23 наурыз қозғалысы" /м23/ көтерілісшілер тобының бақылауында екендігі көрсетілген, бұл құтқару жұмыстарын қиындатып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу