Конгодағы су тасқыны 400-ге жуық адамның өмірін қиды

508

Конго қаласында аза тұту жарияланды.

Конгодағы су тасқыны 400-ге жуық адамның өмірін қиды Фото: DW

Нөсер жаңбырдан Оңтүстік Киву провинциясының өзендері арнасынан шығып, жағадағы үйлерді шайып кетті.

Конго Демократиялық Республикасында су тасқыны мен көшкін салдарынан кем дегенде 394 адам қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz AFP мен dpa агенттіктеріне сілтеме жасап.

Мұндай ақпаратты елдің шығысындағы ең көп зардап шеккен Калехе округінің әкімшілік қызметкері Томас Бакенга берді.

Аптаның соңында жауған қатты жаңбыр Оңтүстік Киву провинциясындағы өзендердің арнасынан шығып, кем дегенде жүздеген үйлердің шайылып кетуіне себеп болды. Елде 8 мамырда қаза тапқандар үшін бір күндік аза тұту жарияланды.

Оңтүстік Киву провинциясында да, көршілес Руанда мен Угандада да мұндай табиғи құбылыс сирек емес. Руандадағы соңғы су тасқыны кем дегенде 127 адамның өмірін қиды. Әдетте су тасқыны аймақта жылына екі рет келетін жаңбырлы маусымдармен бірге жүреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу