Конгодағы су тасқынынан 40 адам қаза тапты

262

Елде төрт күннен бері толассыз жаңбыр жауып тұр. 

Конгодағы су тасқынынан 40 адам қаза тапты Фото: Anadolu Agency

Конго Демократиялық Республикасының шығысындағы Оңтүстік Киву провинциясында толассыз жауған жаңбыр салдарынан болған су тасқынынан 40 адам опат болды. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Анадолы агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Букаву қаласында нөсер жаңбыр жауған. Толассыз жауған жаңбыр төрт күннен бері жалғасып жатыр.

Қазіргі таңда, аймақта іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, билік қаза тапқандар саны артуы мүмкін деп қауіптенеді.

Еске сала кетсек, 2023 жылдың мамыр айында Оңтүстік Киву провинциясында нөсер жаңбырдан туындаған су тасқыны 425 адамның өмірін қиды.

Сондай-ақ, тропикалық климаттық аймақта орналасқан Конго Демократиялық Республикасы жаңбырлы маусымда табиғи апаттарға жиі ұшырайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу