Конгрессмен-демократтардың бірқатары Трампты ұлықтауға қатысудан бас тартып отыр

844

Конгрессмен-демократтардың бірқатары Трампты ұлықтауға қатысудан бас тартып отыр

26 конгрессмен-демократтан құралған топ  АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трамптың ұлықтау рәсіміне қатысудан бас тартып отыр, деп хабарлайды Си-Эн-Эн.

Телеарнаның ақпараты бойынша, бұл шешім өкілдер палатасының мүшесі Жон Льюистің атына айтылған Доналд Трамптың өткір сөзінен кейін қабылданып отыр.

Мұның алдында Дональд Трамп өзінің "Твиттердегі" парақшасында конгрессмен Льюисті сынға алған еді.
"Конгрессмен Жон Льюис   сайлаудың қорытындысына шағым айтқанша, уақытының көбін өзінің жағдайы наашарлап кеткен сайлау округіне жұмсасын. Бәрі бос сөз – ешқандай жұмыс, ешқандай нәтиже жоқ. Өкінішті-ақ". – деп жазды Дональд Трамп.
Конгрессмендердің кейбірі ұлықтау рәсіміне емес, наразылық шеруіне қатысатындығын айтқан.
БАҚ-та атап көрсетілгендей, Дональд Трамптың ұлықтау салтанатына қатыспаймыз деп шешкен барлық  26 адам өкілдер Палатасының мүшесі болып табылады. Сенаторлардың ешбірі әзір ұлықтау рәсіміне қатысудан бас тартқан жоқ
АҚШ-тың жаңа президентін ұлықтау салтанаты 2017  жылдың  20 қаңтарында өтеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу