Конькимен жүгіруден әлем кубогінің B тобында сынға түскен Екатерина Айдова ондыққа енді

1290

Норвегияда конькимен жүгіруден әлем кубогінің екінші кезеңі жалғасуда. 

Конькимен жүгіруден әлем кубогінің B тобында сынға түскен Екатерина Айдова ондыққа енді

Қазақстан ерлер командасы спринттен финалда өнер көрсетті, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Командалық спринтте қазақстандықтар жеңімпаздан 2.77 секундқа ұтылып, жетінші орын иеленді. 

Бұл бәсекеде Қытай командасы алтын жүлдегер атанса, күмісті Норвегия, қоланы Польша спортшылары еншіледі. 

10 000 метрге жарысудан В тобында сынға түскен Бағдәулет Сағатов 28-ші, Виталий Щиголев 30-шы, Максим Баклашкин 31-ші орынға тұрақтады. 

Екатерина Айдова 500 метрге жарысудан В тобында 10-орын алса, Евгений Кошкин 18-ші, Иван Аржаников 25-орын алды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу