Конькимен жүгіруден Қазақстан біріншілігінің чемпиондары анықталды

1992

Ел чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері жарыс қорытындысы бойынша ұлттық құрамаға, сондай-ақ, жасөспірімдер командасы қабылданады. 

Конькимен жүгіруден Қазақстан біріншілігінің чемпиондары анықталды

Астанада конькимен жүгіруден Қазақстан біріншілігінің чемпиондары анықталды. Әйелдер арасында Екатерина Айдоваға жетер ешкім болған жоқ деп хабарлайды Olympic.kz. 

Қарағандылық спортшы екі қашықтықта жеңімпаз атанды.

Еске сала кетейік, ел чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері жарыс қорытындысы бойынша ұлттық құрамаға, сондай-ақ, жасөспірімдер командасы қабылданады. 

"Конькишілер маусымының басталғанына қуаныштымынн. Қазақстан чемпионатынан соң әлем кубогі кезеңдеріне қатысатын спортшылар іріктеледі. Ал келесі айдан бастап біздің жарыстан босамайтынымыз хақ. Биылғы маусымда жақсы нәтиже тіркейміз деген үміт басым. Бас бапкер мен командадағы өзгерістер осылай ойлауыма түрткі болды. Секундтарымызды жақсарта түсеміз деген ойдамын. Қазақстан біріншілігін бақылау сынағы деп атасақ та болады. Ал ерлер командасында жағдай басқаша. Олардың іріктеу сыны бізге қарағанда қиындау екенін айтқым келеді. Қарсыластарыма келер болсақ, жас спортшылардың өсіп келе жатқаны рас. Болашақта олар маған көмектеседі деп ойлаймын", - дейді Айдова.

Еске сала кетейік, ұлттық құрама спортшылары 14-18 қараша аралығында Жапонияда өтетін әлем кубогі кезеңіне қатысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу