Конкурссыз жер телімдерін бермеу ұсынылды

957

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Конкурссыз жер телімдерін бермеу ұсынылды

Отырыс барысында қазіргі таңда әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың инвестициялық және инновациялық жобаларды жүзеге асыру үшін конкурстан тыс негізде жер телімдерін бөлетінін атап өтті. Бұл ретте ӘКК-ке оларды игеруде ешқандай жауапкершілік жүктелмейді. Алайда бөлінген жер телімдері іс жүзінде көп пәтерлі тұрғын үйлер, мейрамханалар, көлік жуу орындарын және т.б. салу үшін пайдаланылып жатыр.

Мысал ретінде еліміздің ірі қалаларының бірінде ӘКК-ге 679 га жер бөлінгені айтылды, оның 254 га тұрғын үй құрылысына, 96 га коммерциялық объектілерге және тек 5 га өндірістік база мен зауыт салуға берілген.

Аталған мәселені шешу үшін ӘКК арқылы жер телімдерін конкурстан тыс беру мүмкіндігін алып тастау ұсынылды, бұл жерді бөлудің ашықтығын қамтамасыз етуге және оны сатудан бюджетке түсетін түсімдердің көлемін ұлғайтуға, нарықтың барлық субъектісіне жерге қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін тең мүмкіндіктер беруге жол ашады.

Сондай-ақ отырыста магистралдық теміржол желілерін жөндеу саласында бірнеше компания ғана қызмет көрсететіні атап өтілді. Бұл оларға қойылатын жоғары біліктілік талаптарына байланысты болып отыр.

Осыған байланысты ҚР Премьер-Министрі "Самұрық-Қазына" қорына осы салада бәсекелестікке қолайлы жағдай жасау үшін аталған талаптарды жұмсартуды қарастыру тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу