UFC-дің бұрынғы чемпионы Конор Макгрегор Ирландиядағы президенттік сайлауға қатыспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Ұзақ ойланып, отбасыммен кеңесе келе, мен осы президенттік сайысқа қатысудан бас тарту жөнінде шешім қабылдадым. Бұл оңай шешім болмады, бірақ дәл қазіргі уақытта мен үшін дұрыс шешім осы", – деді Макгрегор.
Ирландиядағы президенттік сайлау биылғы күзде өтеді. Бұған дейін спортшы ел басқару үшін сайлауға түсетінін айтқан болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу