Консервілеуге арналған банкалар өндірісі 2,5 есе өсті

498

Өнім экспорты 28 пайызға артқан

Консервілеуге арналған банкалар өндірісі 2,5 есе өсті Фото: doctorpiter

2023 жылдың қаңтар-наурыз айларында Қазақстанда консервілеуге арналған банка, тығын, қақпақ пен өзге те тектес шыны бұйымдарының өндірісі айтарлықтай өсті – 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5 есе көп, деп хабарлайды Inbusiness.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Бюро мәліметінше, биыл аталған өнімдердің 5 мыңнан астам данасы өндірілді.

Сондай-ақ өнім экспорты 28 пайызға артқан. Биылғы жылдың бірінші тоқсанында 747,7 мың дана өнім экспортталса, өткен жылдың сәйкес кезеңінде 584 мың дана өнім экспортталған. Бұл ретте импорт 3 пайызға артты. Биылғы қаңтар-наурыз айларында 4,6 млн дана консервіге арналған банкалар, қақпақтар және осыған ұқсас өнімдер әкелінді. 2023 жылдың үш айының қорытындысы бойынша ішкі нарықта 8,9 миллион дана өнім сатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу