Конституция аса маңызды саяси құқықтық құжатқа айналды – Рамазан Сәрпеков

1152

Ата заңды жетілдіруге қатысты идеялар мен тәсілдер талқыланды.

Конституция аса маңызды саяси құқықтық құжатқа айналды – Рамазан Сәрпеков Фото: 24.kz

ҚР Конституциялық кеңесінің қолдауымен әділет министрлігі "Қазақстан Республикасының Конституциясы – қоғам мен мемлекетті әлеуметтік жаңғыртудың іргелі негізі" деген тақырыпта халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

Басқосу барысында конституциялық заңнаманы одан әрі жетілдіруге арналған жаңа идеялар мен тәсілдер және елімізде жүргізілген конституциялық реформалар талқыланды.

Жиынның ашылуында ҚР заңнама және құқықтық ақпарат институтының директоры Рамазан Сәрпеков сөз сөйледі. Ол қатысушыларды Конституцияның 25 жылдық мерейтойымен құттықтап, еліміздің негізгі заңы мемлекеттің, қоғамның, адамның және азаматтың тіршілік әрекеті мен өзара іс-қимылы үшін негіз болатын, үстемдік пен негіз қалаушы рөлге ие әмбебап құқықтық акт болып табылатынын тілге тиек етті.

"Ширек ғасырда ата заңымыз Қазақстан халқының бостандығы мен құқығын қамтамасыз етуге негіз болды. Конституция егемен Қазақстанның стратегиялық даму бағытын айқындап, аса маңызды саяси құқықтық құжатқа айналды", – деді Рамазан Сәрпеков.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу