Конституция жобасына 10 мың өтініш түскені белгілі болды

Бұл туралы Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның ХІІ отырысында Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімова айтып отыр.  

Конституция жобасына 10 мың өтініш түскені белгілі болды Фото: Конституциялық сот

Оның сөзінше, Конституциялық комиссия оның бәрін егжей-тегжейлі ұқыптылықпен қарап шыққан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Бүгінге дейін Конституциялық комиссияның атына 10 мыңнан астам өтініш келіп түскенін хабарлағым келеді. Бұл – комиссия мүшелерінің, азаматтардың, азаматтық қоғам өкілдерінің, сарапшылар қауымдастығының, бизнес құрылымдарының және өзге де мүдделі тараптардың ұсыныстары, – деді отырыс шымылдығын ашқан ол.

Конституциялық сот төрағасы барлық келіп түскен материал жүйеленгенін, тақырыптық бағыттар бойынша топтастырылғанын сөз етті. 

– Әрбір бағыт бойынша құқықтық және мазмұндық талдау жүргізілді. Ұсыныстар олардың негізділігі және іске асырылу мүмкіндігі тұрғысынан бағалануда. Мұндай белсенділік қоғамның жоғары деңгейдегі қатысын айқын көрсетеді және жаңа Конституция жобасын талқылаудың шынайы ашық әрі мазмұнды сипат алғанын дәлелдейді, – деді Эльвира Әзімова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу