Конституция жобасында "болып табылады" деген сөздер алынып тасталды

88

Конституциялық комиссияның кезекті отырысы өтті.  

Конституция жобасында "болып табылады" деген сөздер алынып тасталды Фото: Конституциялық сот

Жаңа Ата жобасында қазақ тілінің ерекшеліктері ескерілген. Бұл туралы Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның айтуынша, 9-бап нақтыланып, "тең" сөзі "қатар" деп ауыстырылған. 

"50-інші және 51-баптарда "өтініш" деген сөздер "мәлімдеме" деп алынды. Қазақ тіліндегі сөйлем құрау ерекшеліктерін ескере отырып, орыс тіліндегі "является" деген сөз сызықшамен ауыстырылды. Осылайша қазақ тілінде "болып табылады" деген сөздер алынып тасталды. Бұндай өзгеріс бірнеше бапты қамтып отыр. Бұл бағыттағы шаруамыз әрі қарай жалғаса беретін болады", – деді Конституциялық Сот төрағасының орынбасары.

Айта кету керек, бұған дейін Волонтерлік қызмет Конституция деңгейінде бекітілетінін жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу